Мұғалімнің сорын қайнату қашан тоқтайды?

0
2611

Педагогтар үлгілік оқу бағдарламаларын жетілдіруді талқылады деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы. 

Еліміздің әр өңірінен келген 150-ден аса мұғалім мен әдіскерлер бастауыш, негізгі орта білім деңгейлерінің жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мазмұнын жетілдіру жөніндегі жұмыс топтарының отырысына қатысты.

Жұмыс тобы мүшелері апта ішінде үлгілік оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін қарастырып, күтілетін нәтижелерді талқылап, негізгі мазмұн және оқу мақсаттары жүйесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді деп жазды Ы.Алтынсарин Ұлттық білім академиясы.

Осы мәселеге байланысты білікті ұстаз Мира БАРАКАТҚЫЗЫ: » 310 адамды екі жыл оқытып дайындады, олар 2 жыл бағдарламаны жетілдірді: ақысыз-пұлсыз, күндіз — түні ел үшін еңбектенді.

Жаңа министр (Ғ.Бейсембаев) келіп еді, өзінше жаңалық ашып, қайта адам жасақтап, тек үндемейтін “мақұл” дегіштерді жинап, бағдарламаны 4 жылға кешіктірді.

Төрт жылда оқушының білімі не болады?! Қандай жауапсыз бос шығынға әуес тірлік?! Жоқ, шығыннан бұрын адамды, адам еңбегін қанаушылар.

Мынау 150 адам дым түсініп отырған жоқ, бұл жерде Стандарт өзгерген, ол стандартта география сағаты көбейтіліп, қазақ тілі мен әдебиеті алынып тасталып отыр: басқа пән болып енгізіліп тұр, бұл стандартта 10-11-сыныпта қазақ тілі де қазақ әдебиеті де оқытылмайды.

Ашығы осылай. Көздеріңізді ашыңыздар!!! Ешқандай ғылыми негізсіз жеке адамның идеямен жасалған Стандарт, бағдарлама жақсылық әкелмейтінін қалай білмейді» деп, «Кімнің сорын қайнатасыздар, идеяшылар?!» деген сауал тастады.

Фото интернеттен алынды.