Мұғалімнің жұмысы сырттай бақыланбақ

0
2192

Аттестация – бұл мұғалімді белгілі бір тығырыққа тірейтін, шаршататын немесе белгілі бір стресстік жағдай тудыратын жағдай болмауы керек.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Бәрі ашық» жобасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Azattyq Rýhy.-на сілтеме жасап.

Ведомство басшысы өз сөзінде мұғалімдерді аттестациялау үдерісі туралы айтты. Бүгінде мұғалімдердің біліктілігін бағалау тәсілі пилоттық түрде жаңа әдіс бойынша жүзеге асырылып келеді.

«Аттестация бұл мұғалімнің жетістігін өлшейтін дүние емес, оқушының жетістігі арқылы мұғалімнің еңбегін бағалау. Мен де естіп жаттым кейбір мұғалімдер «аттестациядан өту үшін алты ай бойы сабақтың бәрін тастап, түгелдей аттестацияның соңынан жүрдік» дегенді.

Сосын әріптестермен жиналып, сарапшылармен ақылдастық. Бұның себеп-салдары анықталып, оның ең тиімді шешімі – автоматтандыру мәселесін қолға алдық. Яғни Ұстаз платформасы құрылды.

Ол мұғалімнің жұмысын сырттай бақылап, оның деңгейін анықтап, өсу жолын қадағалап отыратын автоматтандырылған жүйе. Біз ойлағандай бәрі бірден болып кетпесе де, біртіндеп қадам-қадамменен осыған келуіміз керек. Бұл жүйе келесі жылдан бастап енгізіледі және алдағы бес жылдың ішінде толыққанды жұмыс істей бастайды», — деді министр өз сөзінде.

Фото интернеттен алынды.