«Мұсылман қауым маған көмектесіңдер» деді Назерке
Қазақ қоғамына «хиджабын шешкен қыз», «пайғамбарды түсінде көрген қыз» деген атпен танылған блогер Назерке ТикТоктағы тікелей эфирде мұсылман қауымнан көмектесуін сұрады деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.
Назерке өзінің жанын ауыртатын жайт аз емес екен. «ТикТокта хиджабпен, ниқабпен отыратын әйелдеріңе тыйым салыңдаршы! ТикТокта отырған сол әйелдерді түрлі оңбаған еркектің қалай азғырып жатқанын білмейсіңдер.
Шынайы мұсылман жігіттер вахтаға ақша табам деп апталап жұмысқа кетеді. Солардың үйде отырған әйелдері әлеуметтік желіде неше түрлі сұмдық тірлікпен айналысып отыр. Ислам дініне сөз келтіріп, басқалардың жек көрінішін оятуда.
Айналайын, мұсылмандар, осындай жағымсыз әрекеттерден арылайықшы» деген ол әлеуметтік желідегі арсыз әрекеттермен бірге күресуге шақырып, «мұсылмандар, маған жәрдем етіңдерші. Сондай жаман нәрсемен бірге күресейік» деді.
Мұнан бөлек блогер қыз «махр», «мирас» деген нәрселерге қатысты діни тұрғыдан түсінік беріп: «Имам, ұстаздар екі әйел алу туралы айта бермей, «махр», «мирас» дегенді дұрыстап түсіндірсе ғой. Екі әйел алған мұсылман өле қалса, бүкіл дүниесі бірінші әйелге қалып, екінші әйелі пәтер жалдаған күйі далада қалады.
Осы жердегі екінші әйел мен одан туған баланың обалы кімге? Имамдар «еркек өле қалса, дүниесі екі әйелінің балаларына тең бөлінсін» деген нәрселерді неге айтпайды?» дейді Назерке.
Фото видеодан скринделіп алынды.