«МузАрт» бұрынғы әншісі Мақсат Базарбаевпен бірге өнер көрсетті

0
127

Танымал «МузАрт» тобы кезекті ән кешінде бұрынғы мүшесі Мақсат Базарбаевпен бірге өнер көрсетті.

«МузАрт» әншілері өзінің хит болған «Таң сыры» әнін Мақсат Базарбаевпен бірге квартет болып орындады.

Видеоны топ мүшесі Сәкен Майғазиев «Тарихи сәт» деген атаумен өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Сәкен Майғазиевтің жазбасына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Ооо, Мақсат та бірге, қандай тамаша, оның дауысы да ерекше ғой», «МузАрт квартеті», «Мақсатты қосып алғандарың қандай жақсы болған», — деп жазды желі қолданушылары.