Мыңдаған кісі жаңа жылды тар төсекте қарсы алады

0
415

Бүгін, 31 желтоқсан күні Қазақстанның әр бағытындағы пойызға мінген 60 мың адам жылан жылын жолда қарсы алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жолаушылар тасымалы» компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін пойыз ең көп қатынайтын бағыт Астана–Алматы, Астана–Шымкент, Алматы–Шымкент, Астана–Семей және Алматы–Семей бағыттары болып отыр.

«Теміржол қызметкерлері тәулік бойы үздіксіз еңбек етеді. Жаңа жыл түні Қазақстан бойынша вокзалдарда 47 кассир кезекшілік етеді. Ал пойыздарда 73 пойыз бастығы мен 1774 жолаушылар вагонының жолсерігі, жалпы саны 115 пойыз бригадасы қызмет көрсетеді», — деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.