Наурыз айында 14 күн демаламыз

0
91

2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда, 14 күн демалады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл айда екі бірдей айтулы мерекелер тойланады: 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы. «ҚР мерекелер туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы — мемлекеттік мерекелер.

Ал аталған заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік мереке тойланатын күндер демалыс күндері болып саналады. Халықаралық әйелдер күнінде бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар үш күн – 8, 9 және 10 наурызда демалады.

Ал алты күндік жұмыс аптасында 8 және 9 наурыз — демалыс күндері, ал 10 наурыз жұмыс күні болып саналады. Биыл Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады, бірақ 22 наурыз сенбіге, 23 наурыз жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күндері дүйсенбі мен сейсенбіге қосылып, қазақстандықтар Наурыз мейрамында бірден бес күн — 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері демалады.

Алты күндік жұмыс аптасымен істейтіндер үшін сейсенбі, яғни 25 наурыз — жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз — демалыс күндері болады. Дегенмен наурызда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс күндері болғанына қарамастан, ол мерекелер де аталып өтеді.

Кәсіби мерекелердің тізбесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығының алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді. 1 наурыз – Алғыс айту күні 8 наурыз (наурыздың екінші сенбісі) – Жерге орналастыру, геодезия және картография қызметкерлері күні.