Наурыз айында кімдерге қосымша демалыс беріледі?

Көктемнің бірінші айында қазақстандықтар бірнеше күн демалады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Наурызда бірден екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21-23 наурыз). Демалыс күндері ауыстырылуына байланысты азаматтар қосымша демалыс күндерін алады.
Нәтижесінде 2025 жылғы наурызда бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 14 күн, ал алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады.
Қазақстандықтар 8 наурызда қалай демалады?
Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс дүйсенбі, 10 наурызға ауыстырылады.
- бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8, 9 және 10 наурыз — демалыс күндері;
- алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8 және 9 наурыз — демалыс, 10 наурыз — жұмыс күні.
Қазақстандықтар наурыз мерекесінде қалай демалады?
Наурыз — жылдың басты мерекелерінің бірі. 2025 жылы мереке күндері жұма, сенбі және жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбі) ауыстырылады.
- бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 21-25 наурызды қоса алғанда бес күн қатарынан демалыс;
- алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс күндері 21, 22, 23 және 24 наурыз болады, ал сейсенбі, 25 наурызда жұмысқа шығады.