«… өкіріп жыладым, мүмкін емес» деген Гүлзира ханым өткен өмірінен сыр шертті

0
1144

Әнші Қайрат Нұртастың анасы әлеуметтік желі парақшасында тебіреніп, құттықтау жазбасын жариялады деп жазады Democrat.kz.

«Осыдан 36 жыл бұрын, төркіндеп Нүрекеңмен анашыма қонаққа бардық. Өзім алма және селедкаға (тұздалған балық) жерік болатынмын.

Бағымызда бүкіл ауыл қызығып қарайтын, бапталған жемістің бүкіл түрі болатын, дәмді алмаларды қысқа сақтаған соң өте дәмді. Сол алманы қайтқанша өте көп жедім, әсіресе көк түсін.

Түнде Түркістан қаласындағы қайын ағамның үйіне келіп, көзім іліне бастағаннан ішім ауырып, минут сайын өршіп барады. Ішім-ішім деп айқаным сол еді, Нүрекең сонша көк алма жей бердің өзіңде деп, ұйқысын жалғастыра берді.

Бір кезде өкіріп жыладым, мүмкін емес, Нүрекең атып тұрып қуанып, роддомға алып келді. Сонымен 25 не түскі 2:15 ке дейін ұзақ толғатып, тұла бойым тұңғышымды өмірге алып келдім. 6 әйел бір уақытта босанбасымыз бар ма, медиктарда ес қалмаған.

Өте жас болған соң ба 1 ші болып өзім босанып алып, елге ақыл айтып жатырмын аяп, бәрі контрольде. Сөйтсем өзім жұртты контрольде ұстайтын, өзімнен бұрын өзгені ойлайтын адам екенмін.

Алдында толғақ кезінде жылап жүріп үлкен әйелдерден өліп қалмаймын ба?-деп жылап тұрып, әрқайсынан сұрап шыққанмын ғой, сіздерде де менікі сияқты іштеріңіз қатты ауырып тұрған жоқ па деп.

Кейін бірдей жаялыққа оралған бөпелерді 6 әйел жатқан палатамызға алып келді, шулап қарындары ашып жылағанда дауыстары әр түрлі. Соны байқап жүрген келіншек маған қарап: сенің балаң жылағанда дауысы әдемі әрі аянышты шығады екен, жүрегіңді ауыртып елжіретіп жібергенде, мейірлене емізе салғың келіп кетеді екен демесі бар ма, иә-иә біз де байқадық деп шулап бәрі күліп алды.

Осы әңгіме “Ауырмайды жүрек” әнін Қайрат айтқан кезінде, елдер жүрегіміз елжіреп тыңдадық деп шулағанда іштей бір күліп алдым есіме түсіп…

Иә, мен үшін ерекше күн ақпанның 25-і. Мен ғана емес бүкіл халқы іздейтін, бірі өсектеп, бірі жүректері ауырып тұрып уайымдайтын, менің ғана емес халықтың да ұлы Қайрат ұлдарыңыздың туған күні құтты болсын!

Ең бастысы аман болсын, отбасымен бақытты болып, махаббатқа толы сырлы әндерімен жүректеріңізді мазалап, ауырған жүректерді емдеп… Махаббат әндерінің королі атағына ие болған ақ Қайроштарыңыздың ұзааақ өмір сүруін Алла қабыл етсін!» деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Фото көрнекілік үшін.