Оқушының обалынан қорықпайтындар білім саласында жүр

0
224

Оқу жылының ортасында нақты бір себепсіз жұмыстан шығарылған білікті ұстаз Мира Барказатқызы бәрінен де оқушылары үшін алаңдайтынын айтады деп жазады Democrat.kz.

Бесінші сыныптан бастап ҰБТ-ға дайындаған оқушылары биыл 11 сыныпты бітіретінін, «неге жұмыстан кеттіңіз? Қайта келесіз бе?» деп күн сайын хабарласатынын айтқан Мира Барказатқызы әділдікке қол жеткізетініне сенеді.

“Өзіңнен зор шықса, екі көзің сонда шығады” деуші еді баяғыда қисынсыздау келген бұйрықты естігенде. Қаңтардың бесінен “Ардагер ұстаз” атанып кеттік… Осыған жеткеніме де шүкір. Бұған жетпей-ақ қанша мұғалім о жаққа кетті…

Жалпы өзім “Ұстаз” деген ұғымды байқап-байқап қолданамын. Мен мұғаліммін, ұстаз болу қайдааа?! Анау бір кинода жас маман өзін “Ұстаз” депті… сюжетінен ұстаздық ештеңесін байқалмады, қатардағы көп мұғалімнің атқарғанын көрсетті.

“Мата даңқымен бөз өтеді”-нің керін жасап, жақсы адамдардың атын пайдаланған арзанқол дүниелер қаптап кетті ғой. Қазір “Ардагер ұстаз” деп асқақтатқанымен, олар да кезінде мен сияқты мектептен “қуылғандар” екені еске түседі…

Кейбірі үндемей кетті, кейбірі жылап, қарғап кетті. Бәрі көз алдымызда өтіп жатты ғой. Мен танитындардың көбі зейнетке шыққан соң, он жылдан аса еңбек етті.

Солай жүре бермедім деп отырған жоқпын. Менің зейнеткер екенімді біліп тұрып бір жылға келісімшарт жасап алып, оқу жылы аяқталмай жолынан тайған мектеп әкімшілігі мектеп бітіргелі отырғанған оқушыларға қаншама залал келтіргенін ойлаған жоқ.

Енді оушының бірі басқа мектепке ауысуды ойластырған, еріксіз басқа сыныпқа ауысқан. Кейбірі сабаққа бармай, барса да оқуға ынтасыз болған. Мұның бәрін қанша күннен бері ата-аналар жекеме хабарласып айтып жатыр.

Оқушыларыма жігер беріп, сабақтан қалмауды тапсырып-ақ жатырмын. “Өзгеріске бейім болу да азаматтық” деп насихаттағаныммен болар емес.

Кеше бірнеше ата-ана мектепке барса, “барлығы керемет” депті, “баламның психологиясын көріп отырған маған көзімді бақырайтып, керемет” деді ғой әріптестеріңіз. Сондай ортада қалай жұмыс жасағансыз, апай” деп маған жандары ашып кетіпті…

Барлығы басшының біліктілігіне байланысты. “Оқушының жан дүниесін ұқпадық” деп кім мойындай қойсын. Әрине, мойындамайды ғой.

Өзім қарап отырған жоқпын. Күрес жалғасып жатыр. Заңды бұрмалағандар заң бойынша жауап беретін кез келеді. “Келісу комиссиясының” мүшелері 2022 жылдан бері бірінші рет бас қосып, сертификаттарын іздеп тауып, бір жиын өткізді.

Заңгерім мәселені түсіндірді, бірақ жауап Заңға емес бұйрыққа бағынды.Жиынның шешімін электронды жібере алмай , Қазпоштамен жіберіпті» дейді Мира Барказатқызы.

Фото көрнекілік үшін.