Өмір Шыныбекұлы: «…бұған жол беруге болмайды»
Төлеби Ауданы, Ленгір қаласындағы N:2 мектеп-интернаттан біраз күннен бері бірнеше адам хабарласты (Ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған мектеп-интернат).
Көбі жақында тағайындалған директорға шағымданды..
Ал мен желіде жарияланған бірнеше бейнематериалды мұқият қарап шығып, керісінше жаңа директор жылы орындарға жайғасып қалыптасып қалған әлдебір топқа кедергі болған-ау деп түйдім..
Төмендегі бейнероликте сөйлеп тұрған педагогтың айтуынша тіпті Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Жолдас Нұрланұлы деген біреу оған доқ көрсеткеніне қарағанда күдігім қисынды секілді..
Еліміздегі барлық білім беру мекемелеріне толық аудит пен инвентаризация жасау керек дегенді айғайлап жүргеніме бірнеше жыл болды
Оны кезінде экс-министр Аймағамбетовтің қабылдауларында көзбе көз отырып айтқам.
Қазіргі министр Ғ.Бейсембаевтың қабылдауында да айттым.
Білім ошағына жаңадан тағайындалған меңгеруші, директорларға да айтып жүрмін..
Сөз болып отырған мектеп-интернаттың директоры инвентаризация мен аудит жасатты ма екен?
Бұл жағдайдан Түркістан Облысының Білім Басқармасы басшылары да, ОАМ министрі Гани Бейсембаев та хабардар екен..
Сөйлеп тұрған педагогтың сөздеріне қарағанда бұл мектеп интернатқа ең алдымен ҚР Балалар омбудсмені Dinara Zakiyeva келіп жағдайды өз көзімен көруі тиіс..
Сонымен бір мезгілде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Түркістан облыстық Департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі, Түркістан облыстық Департаментінің басшысы Ерболат Темирбулатович Балгабаев, ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК тексеруді бастауы тиіс..
Онсыз да өмірден теперіш көрген балаларды әлдекімдердің басынуына жол беруге болмайды..
Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ,
ҚР Білім саласының құрметті қызметкері,
«Зияткер-Ұстаз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Фото көрнекілік үшін.