«Онда мен тірі өлікпін» дейді әнші Тоқтар Серік
Әлеуметтік желіде әнші Тоқтар Серіктің қызықты бір сұхбаты шықты деп жазады Democrat.kz.
«Егер екінші әйел алсам… кейде осылай ойлаймын. Сонда аяқ астынан бірінші әйелімдегі балам ауырып қалды дейік. Балам мені іздесе, ал мен қасынан табылмадым. Қандай сорлылық! Егер мен әке атына лайық болсам, мен сол баланың қасында болуға тиіспін. Бөтен жерде жатпауым керек. Мен үстімді кірлеткім келмейді, иісімді былғағым келмейді».
«Балам мен үйден шыққан сайын мені құшақтап, иіскеп шығарып салады. Оның адамды құшақтауы сұмдық ерекше. Үйге келгенімде дәл солай құшақтап, иіскеп қарсы алады. Міне, балам солай қарсы алғанда, менің үстімнен бөтен иіс шығып тұрса… не деген сорлы әке болмаймын ба? Баламның көңіліне қылаудай кірбің түскенін қаламаймын. Егер балам менің бойымнан жаман қасиет көретін болса, онда мен тірі өлікпін», — деген Тоқтар Серік баласының өзіне деген сенімі, құрметі бәрінен де жоғары екенін айтты.
Фото интернеттен алынды.