Оңтүстік Кореямен байланыс қазаққа не береді?

0
143

Оңтүстік Корея бізге не бере алады? Қазақстан Оңтүстік Кореяға не бере алады? Ортақ мүдде не? Бір-бірімізге қай салада пайдалы бола аламыз? Осы сұрақтарға қатысты Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желіде өз ойымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.ақпараттық порталы.   

“Менің ойымша ортақтастыратын жобалар бар.

Ауылшаруашылық — Оңтүстік Кореяның жері аз. Яғни гектарлап егін еге алмайды. Халық саны 50 миллион. 50 миллион халық нан жегісі келеді. Күнде. Миллиондаған тонна ұн қажет. Күрішті де Қазақстан мейілінше бере алатын жағдайы бар. Ет өнімдеріне келсек те, біздің ауылшаруашылық жерге қаратпайды. Қой десең қой, сиыр десең сиыр, тауық десең тауық.

Оңтүстік Корея — өз аймағында бәсекелес Жапониядан қалмаймын деп жан таласуда, оған қоса Оңтүстік Кореяның қасында Қытай мен Солтүстік Корея деген қаталдау және социалисттау елдер бар. Олардың да ықпалы дегенін жасамай қоймас.

Оңтүстік Кореяның берері әлбетте мол. Әлем мойындаған “KIA”, “HYUNDAI”, “SAMSUNG” брендтерін әкеліп-ақ, кез келген мемлекетті риза қылатын шамасы бар. Қазақстанға Оңтүстік Корея инвестициясының кіруі — ол ресми Сеулдың қомақты қаражат құйған жерді, саяси аренада қорғауға мәжбүрлейді. Экономика мен Сыртқы Саясат, Қауіпсіздік тоғысқан сәт. Қайырлы болсын, Қазақ Еліне!” деп жазды Самат Нұртаза.

 

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.