«Өрлеу» оқытқан мұғалімдердің білімі неге «әлсіз»?

0
1073

Әлеуметтік желідегі парақшасында белсенді мұғалім Мейіржан Темірбек «әлсіз мұғалімдер» деген министр Ғани Бейсембаевтың сөзіне қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

«Ғани Бейсембаев мырза,  «мақсатты мектеп» тесті қандай тест? Бұны енді логикаға салайық.

Қазақ тілі, биология, информатика, ағылшын мұғалімдері «әлсіз».

Мен информатиканың бағдарламасын, мазмұнын жөндейік деп ұсыныс айтқалы қанша жыл болғанын ұмытып қалдым…

«Мақсатты», «нысаналы мектеп» жобасы заңсыз жоба, Президентке есеп беру үшін баяндаманың ішінде бір текстен алынып, жасалған жоба.

Тесттен өтер алдында «Өрлеу» оқытты ғой? Сол оқытқан бағдарламасынан тест тапсырды деп басын ашып айтыңдар.

Қалай оқытқан? Нені оқытқан? Дұрыс білім бермеген бе? Оның үстіне мұғалімнің сабағымен жағаластырып оқытты ғой. Қандай білім күтіп едіңдер?

Әкімді жиналысқа отырғызып қойып өзін оқытса білім ала ма, алмай ма, ойлансын.

Аттестация тестінен ол педагогтар қалай өткен? «Наканец то» коррупцияны мойындап жатырсыздар ма?

Аттестация «керемет» пе?

Бұлар өздеріне ұнамағандарды бәрінен құлатады, «1000 көшбасшы» жобасына қатысқанда тізіммен өтіп тұрған мені тізімге қоспады.

Артынша фейсбукке пост шығарған соң, қайта қосты. Тест тапсыруға бардым, сол жерден құлатты да, ойларын жүзеге асырды.

Ал тесттің мазмұны білім саласына түк қатысы болған жоқ. Бұл тест те солай болуы мүмкін.

Бізде (аттестация тестінен басқа) неге тесттерден өту қиын білесіздер ме?

Ол тесттердің мазмұны біздің білім стандартына сәйкес келмеуі мүмкін.

Басқа халықаралық тесттер болуы мүмкін.

Өздері сүт береді де, қымыз сұрайды.

Кінәлі — тек мұғалім! Ал енді жұмыстан шығарыңдар, көрейік!

Айтпақшы келесі жылы химия+биология+физика болады. Көреміз. Қызықтың көкесі мен әкесі алда» деп жазды Мейіржан Темірбек.

Фото көрнекілік үшін.