Жоқ, рас, телевизорды қосып қалсаңыз немесе газет-жорналды ашып қалсаңыз: «Үстіміздегі жылы түсім мол болды, үстіміздегі жылы өйтті-бүйтті» дейді. Сосын, «Болып табылады», «Келуде, баруда», «Дей тұрғанмен», «ой-пікірмен бөлісті», «жұмыс жасайды», «қол жетімді» «жіберіп алмаңыздар», тағы басқа толып жатқан сөздері бар. Сонда бір жерге қонаққа барсаң, «Мынау біздің үйдегі келініңіз болып табылады» дейсіз бе? Әлде, досыңа «Моншаға барасың ба?» десең, ол саған «Бағасы қол жетімді ме?» дей ме? Кино немесе концерт корсетерде «Осыны жіберіп алмаңыз!» дейтіндері бар. «Жіберіп қоймаңыз» деген сияқты естіледі құрғыр... Сонымен... а, кешіріңіздер, әйелім қоңыраулатып жатыр. Қазір...- Сізді мұқият тыңдап тұрмын... - Әкесі, сіз кешігу үстіндесіз... - Ой, мені қойшы, өзің жылжымайтын мүліктесің бе? - Иә, көтерме және бөлшек сауда орталығына барып, қазір ғана жылжымайтын мүлікке кірдім. Ал, өзің қайда болып табыласың? - Мен мына құрып кеткір жылжитын мүлік жылжымай қалып, соны шұқылап жатырмын. - Қонақтар дер кезінде тиісті орыннан табылып, сен өкінішке орай кешігіп жүрме. - Олар нешеде келеді деп жоспарланып отыр? - Кешкі алтыға келеді деп күтілуде! - Не істеуде? - Күтілуде! - Ой, қой, мынауың артықтау емес пе? - Қай жері артықтау? Телевизордан күнде «күтілуде», «жоспарлануда» деп айтып жүрміз ғой. - Е, бопты, күтіле берсін. Онда мен де барудамын. - Айта кету керек, ақыры бәрі келеді ғой деп, бүгінгі күн тәртібіне Бәтіштерді де енгіздім... - Ойбай, ол бізге кім болып табылады? - Туу, сен-ақ ұмытасың да қаласың. Ол ана құдаңның туған қарындасы болып табылады ғой. - А, құдаша деші?.. Дейтұрғанмен ол... - Иә, иә, құдаша! Ешқандай дейтұрғанмен емес! - Е, бопты. Мен де жылжу үстіндемін сізге қарай... - Әй, әкесі, асықпай абайлап жүр. Жолда жол-көлік апаты орын алмасын! - Дәл осыны айтпашы, бәйбіше. - Әкесі, ау, әкесі, айтпақшы, жол-жөнекей бір мөшек қара алтын ала салшы... - Не ала сал? - Қара алтын, яғни, көмір ала сал деймін. Монша жаққанға... - А, иә. Құрсын, шатасып біттік қой. Осы журналистер бір түрлі, қара халық бір түрлі сөйлегенді қашан қоямыз а?.. Қанағат ӘБІЛҚАЙЫР, сатирик - жазушы. Facebook жазбасы. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Осы біз "бір түрлі" сөйлегенді қашан қоямыз?
-
Үкімет өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны жөніндегі жол картасын әзірлемек13:30, 19 желтоқсан 2025
4
-
Журналист елбасының тоқалына қатысты құпияны жариялады13:00, 19 желтоқсан 2025
95
-
Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президентін қабылдады12:30, 19 желтоқсан 2025
32
-
Астанада суррогатты алкогольдің көтерме саудасы анықталды12:15, 19 желтоқсан 2025
18
-
"Баламды қазақ мектебінде оқытпағаныма өкінемін" деген әйелдің сөздері жұртқа үлкен ой салды12:00, 19 желтоқсан 2025
141
-
Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысын қабылдады11:30, 19 желтоқсан 2025
31
-
Зейнеткер сотта әділдікті талап етіп, жеңіске жетті11:23, 19 желтоқсан 2025
25
-
"Жас қызға құмарта қараған" Тұрсын Алагөзов сынға қалды11:00, 19 желтоқсан 2025
130
-
Айдана Меденова: "Қоштасуға себеп бар"10:24, 19 желтоқсан 2025
147
-
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді10:04, 19 желтоқсан 2025
33
-
Мұқағали Мақатаев туралы ел естімеген сұмдық жазба шықты
11:00, 18 қыркүйек 2025
31740
-
"Төсегімізге сыймай жүрміз" дейді Кенжебек Жанәбілов
16:34, 17 қыркүйек 2025
17425
-
ҚТЖ-ны қарызға батырған Мәмин туралы сұмдық деректер шықты
11:00, 10 қазан 2025
17314
-
Салафиттердің былығын ашқан Рания оларды "майсыз табада қуырып жатыр"
13:00, 10 желтоқсан 2025
17052
-
Тұрсынбек Қабатовтың шешесі баласының тоқалына қатысты не айтты?
17:15, 03 қараша 2025
12186
-
Әнші Мәдинаның жиіркеніп, тыжырынғаны жұрттың ашуына тиді
14:00, 12 қазан 2025
11238
-
"Мұғалімдер есеңгіреп қалды, тозды, шаршады" дейді ардагер ұстаз
15:00, 29 қыркүйек 2025
11141
-
"Туған күніңмен, махаббатым!" деген Баян күйеуіне ерекше сыйлық жасады
12:00, 17 қыркүйек 2025
10212
-
"Маскадағы адамның" кім екені белгілі болды?
14:00, 19 қазан 2025
9985
-
Пәтер, көлік сатқанда азаматтар білуге тиіс ережелер
13:00, 16 қараша 2025
9296