«Өзбек бізден озды» деп өзімізді мұқатуды қою керек

0
1264

Бір кісілер «өзбекті мойындадым» деп өзімізді біраз тұқыртып кетіпті.

Өзбекстан он алтын алсын, Әзірбайжан жиырма алтын алсын, оған мен тек қуаныштымын. Түркі мемлекеттері үшін тек қуанамын, ондайға іштарлығым жоқ.

Жалпы осы олимпиадаларда батыстың, азияның дамыған елдері спорттың барлық түріне өз спортшыларын қосып, одан шылдырлатып бұйырған алтындарын санап алып кетеді екен. Бұларда бұл салада жүйелі түрде үлкен істер, жоспарлау жұмыстары жүргізіледі екен.

Ол көрініп тұр.

Олимпиаданың санаулы ғана түрлеріне қатысып, содан медаль күту — тек қана артта кенжелеп қалған үшінші әлем елдерінің еншісі еді негізі.

Куба тек бокстан, Кариб бассейні — Ямайка, Африка елдері тек өз желаяқтарынан дегендей…

Өкінішке қарай, біздің Орта Азия елдерінің спортшылары да тек қана төбелес, ұрда-жық жағынан аспай қалған.

Одан соң әбден былыққа батқан бокс саласында судьяның іші қай жаққа бұрды, соның қабағын, көңіл күйін аңдумен күндері өтуде.

Әйткенмен осы олимпиадада біздің гимнастың күміс алуы, қазақ мергендерінің қола иемденуі, қазақтан мықты тауға өрмелеушінің шығуы маған бір үміт сыйлады. Қазақ спортының келбеті өзгеруде ме.. қалай…

Бізге келешекте осы бағытта жұмыс істеу керек сияқты. Яғни спортты жан жақты дамыту керек. Куба, Ямайка болуды қою керек-ау.

Әйтпесе біздің қазақ қоғамы тек қана төбелеске жатып алған. Басқа спорт түрлерін менсінбей ме, әлде қызықпай ма…

Одан соң жөн — жосықсыз «өзбек бізден озды» деп өзімізді мұқатуды қою керек шығар.

Осы жерде тілімді қышытып қоймайды, кімнің кімнен озғанын айтып, қатты айта бастасам өзбек ағайындарға тілім тиіп кете ме деп қорқамын.

Иә, рас спортта қазір өзбектен қалып тұрмыз, соған бола басқа барымызды мансұқтауға бола ма екен.

Спорт саласына реформа жаса, өзгертуге тырыс, спортты жемқорлықтан тазарт, дарынсыз басшыларды, ол жерден ақша тапқан алаяқтарды, беш тиын пайдасы жоқ жылпос алыпсатар федерация басшыларының көзін құрт.

Ұзын сөздің қысқасы спортыңмен айналыс, о несі-ей.

Ал экономикада, сыртқы саясатта, қаржы саласы тағы басқа көптеген салаларда Өзбекстан Қазақстанның соңында тапырақтаған тайлақтай жетектеліп қалады, бұл ақиқат.

Жалпы «өзбек қазақтан озды» деген желікпе сөз, я экономиканы, я геосаясатты, я басқасын да қақпайтын тобырдың негізсіз жел әңгімесі ғана, солай қабылдаймын.

Олжас ӘБІЛ, саяси-сарапшы.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.