Өзбекстанда болған жарылыста қаза тапқандар бар
Ферғана аймақтық Төтенше жағдайлар басқармасы (ТЖБ) баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ахмед Яссауи көшесінде орналасқан жанармай құю бекетінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарылыс сағат 13:43-те сұйытылған газды шығару кезінде басталған. Оқиғаға технологиялық процесс пен қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 13:47-де жетіп, қызыл жалынды 14:12-де толығымен сөндірген.
Облыстық ІІБ ресми ақпаратынша, осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 3-бөлігі «а» тармағы және 259-бабы 3-бөлігі «а» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.
– Кеше 1 азамат оқиға орнында көз жұмды, бірнеше адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Облыстық ІІБ ресми ақпараты бойынша, олардың 3-еуі көрсетілген медициналық көмекке қарамастан ауруханада көз жұмды, – делінген ресми тараған хабарламада.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында 5 адам ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.