«Өзім білем» дейтін мұғалімнің қылығы қадірін қашырады

0
740

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода Білім басқармасы басшысы Нұргүл Шәмшиеваның мұғалімдерге қатысты айтқан сөзі тарады деп жазады Democrat.kz.

Kungeı.kz парақшасында жарияланған бұл видеода: «Мен — мемлекеттік қызметкермін. Мен өлең айтқанды, ортаға түсіп билегенді қатты жақсы көремін. Бірақ мына лауазымға келгелі мен бұлай жасай алмайтынымды білемін, түсіндім.

Ол шектеуді ерікті түрде қабылдап отырмын. Білім басқармасының басшысы ретінде, мемлекеттік қызметкер ретінде мен жасағым келген нәрсені жасай алмайтынымды түсініп, осы лауазымға келістім. Мұғалім — ол ұстаз.

Одан бәрі үлгі-өнеге алады. «Менің құқығымды шектеді» деп киіммен суға түсу — передергивание. Егер ұстаз бос уақытында «өзім білем» деп бейәдеп қылықтар жасап жатса, ата-ана ретінде айтыңызшы, ол қаншалықты дұрыс?», -деген Білім басқармасының басшысы сөзін министр Ғани Бейсембаевтың «мұғалім — жай ғана білім беруші емес, ол — ағартушы» деген сөзімен түйіндеді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.