Пайғамбар бөліп тастаған айды Алла неге дұрыстап жамамады?

0
22

Мұхаммед өзінің пайғамбар екенін жұртқа дәлелдеу үшін айды екіге жарып әлемдік сенсация жасады. Әрине Алланың құдіретімен ғой. Бірақ ондай оқиға ешбір тарихи деректерде тіркелмеген. Әлемдік ғажайыптарда да, әлемнің жеті кереметінде де жоқ.

Жә жарайды, айды алланың құдіретімен жарды делік. Бірақ айды қайта біріктіру аллаға қиын болғаны ма?

Осы күні NASA түсірген сурет деп айдың ортасынан жарылған сызығы бар айтың фотосын желіге таратып, «міне айдың екіге жарылғандығына дәлел» деп дүмшелер жұртты тағы да шулатты.

Бұл фото әлемді шулатқаны соншалықты.. NASA бұған нақты жауап беруге тура келді. Әрине оның өтірік екенін NASA өз ресми сайтында жариялады.

Жоғарыда, айды біріктіру аллаға қиын болды ма деп неге айттым?

Бүтін тұрған айды екіге жарған құдай, оны қайта біріктіруде де оған ешқандай қиындық тудырмасы анық. Айдың баз-баяғы күйіне келтіре салу құдірет күш иесіне түкте емес еді. Жарған екен, енді оның тігісін білдірмей жіберуге де болатын еді.

Құдай не үшін айды жаралы ғып қоюуы мүмкін? Әлде, бір күндері құдайсыздар телескоп ойлап тауып, осы менің құдіретімді көрсін деді ме?

Бірақ оған NASA нақты жауап берді. Мұсылмандар айтқандай айда ешқандай жамау-тігіс іздері жоқ екенін айтты. Оны үй жағдайында қолданыла алатын 200 мм лік телескоппен де  анық бақылауға болады.

Ондай телескоптар сатылымда бар. Ақшаларың болса, алып қарап көрсеңдер болады.

Бірақ бір нәрсені ескерте кетейін… Ешқашан телескоппен күнді бақылаймын деп ойламаңыз.! Көзіңізді күйдіріп желкеңізден шығарады.

Ешқандай оптикалық құрылғымен күнге қарауға болмайды.

Сәбит ШЕРКЕШБАЙҰЛЫ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.