Парламенттегілердің ауызбіршілігі мықты болғаны сондай, бәрі бірдей «мақұл» дей салады

Саяси көзқарасы үшін Думан Мухамедкәрім түрмеде отыр. Парламентте бір қора Думанның әріптестері бар. Неге солар Думан жайлы айтпайды?
Неге достарына арнаған секілді пост жазбайды? Парламенттегі экономисттер НДС жайлы ауыздарын ашпаса, журналисттер әріптестерін қорғамаса, жас депутаттар жастар мәселесін қозғамаса ондай парламенттің керегі бар ма?
Былтыр орташа 1.3 миллион теңге айлық алған екен. Тегін үй, тегін көлік, ауырып қалса бар жағдайы жасалған ақсүйектерге арналған УДП-да емделу. Рахат қой өмірлері.
Астанада 2 баласы мүгедек, туалеті далада, жатақхана жалдап тұрған адамдарды көргенмін. Кейбіреулерінің күйеулері тастап кеткен. Жұмыс жасауға мүмкіндігі жоқ.
Сондайларға босатып бер үйіңді. Мемлекеттің тегін үйінде отырған, аяқ қолы балғадай , 3-4 пәтері бар депутаттар да бар. Халықтың мәселесін шешпей, өз жағдайларын жасайтын депутаттар қажет пе?
Қашан бұлар бір үйдің балаларындай болмай өзара қырылады? Бір үйде 4 адам болсақ та кей мәселелерге өзара келіспей қаламыз. 100-і отырып бәріне мақұл дейтін не деген ауызбіршілігі жарасқан адамдар бұлар?
Сәбит РЫСБАЕВ, экономист-сарапшы.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.