Погондылар Президентке үндеу жолдады
Қазақстанның экс-әскери қызметкерлері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады, — деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз, әскери қызметшілер, өз елімізді қорғауға және Қазақстанның мүддесін қорғауға ант бердік және өзіміздің әскери борышымызды абыроймен орындадық, оған біздің наградаларымыз дәлел. Біз берген антымызға қазір де адалмыз.
Сондықтан сіздің назарыңызды мынаған аударғымыз келеді: тәуелсіздік жылдары елдің әскери қарулы күштерін, Қорғаныс министрлігін 9 жыл бойы әскери білімі жоқ 4 адам басқарды. Ал Қазақстанның Қорғаныс министрлігін бірнеше жыл бойы әскери білім алған басқаруы қажет емес пе.
Министрлікті әскери білімі жоқ адамдар басқарған жылдары (2007 – 2016 жылдары) қарулы күштердің 250 офицері қамауға алынған. Оның ішінде генералдар, полковниктер бар. Олардың бәрі ең мықты саналатын әскери академияларды бітірген», — дейді әскерилер.
Олардың сөзінше, қамауға алынған кейбір адамдарға кедергі жасағандар болған.
«Олардың кейбіреуіне кедергі келтіре жасала бастады немесе біз атқарған лауазымдар біреуге қажет болды, мүмкін бұл лауазымдарды өзімшіл ниетпен пайдалану үшін немесе Қарулы
Күштердің жауынгерлік қабілетін әлсірету үшін қажет болған шығар, сондықтан қылмыстық істер ойдан шығарылды, ал біз әскери адамдар негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталғандар болды.
Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде бекітеді, оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналады», — дейді үндеу жасаған әскерилер.
Экс-әскери қызметкерлер әр адамның жеке басының бостандығына мемлекет кепілдік беруі керегін айтады. Әскерилер үндеуінде бірнеше әскери шендіге қатысты қозғалған қылмыстық істер туралы айтты. Олардың сөзінше, әскерилер қажет дәлелсіз, бір ғана куәгердің айғағымен сотталып кеткен жағдайлар болған.
Сонымен қатар, әскери қызметкерлердің сөзінше, көптеген қылмыстық іс тіркелместен тергеу амалдары жүргізілген.
«Мысалы маған қатысты қылмыстық іс аноним арыз негізінде қозғалды. Алайда біздің елімізде аноним түрде арыз беруге тыйым салынған. Аноним арыз болса оны тексеруі керек еді, ол арыз бұрынғы күнмен тіркелген.
4 жыл тергеу изоляторында отырдым. Мен шын мәнінде алмаған пара үшін 10,5 жыл қатаң режимдегі колонияда отырдым», — дейді үндеу авторы.
Үндеу авторлары кейбір қылмыстық істер заң бойынша жүргізілген болуы да мүмкін екенін айтады.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Осы үндеуде көрсетілген істер бойынша шығарылған сот актілерінің заңдылығын тексеру жөніндегі комиссия құруды сұраймыз.
Сондай-ақ сотталған әскери қызметшілердің 2007-2021 жылдар аралығындағы шағымдары бойынша тексеріс жүрсе дейміз», — дейді үндеу авторлары.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.