Пойыз билетін заңсыз сатушылармен күрес басталды

0
162

ҚТЖ жеке кассада билеттерді заңсыз қайта сату деректерін анықтады, — деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Massaget.kz -ке сілтеме жасап.

«Қазақстан темір жолына» жолаушылардан бірнеше рет шағым түскен. Олар билеттерді заңсыз қайта сату деректері туралы айтқан.

«Алматы-1 теміржол вокзалындағы билеттерді алыпсатарлармен күрес аясында, ҚТЖ қызметкерлері жұртшылық пен БАҚ-ты тарта отырып, тергеу жүргізді. Ол билеттерді заңсыз қайта сату және теміржол билеттерінің жасанды тапшылығын жасау деректерін анықтады. Билеттерді қайта сату схемасына жеке касса қызметкерлері мен олардың делдалдары қатысқан», — деді баспасөз қызметі.

Тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілген.

«Вокзал бастығы А. Б. (ҚТЖ-дан — еск.) тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне лауазымынан шеттетілді, оның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады. Жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Осындай тексерулер еліміздің барлық вокзалдарында жүргізіледі», — деп толықтырды баспасөз қызметі.

Фото интернеттен алынды.