Президент Тоқаев: «Болашақ ұрпақ алдындағы міндеттемелерімізді растай отырып, Париж климаттық келісімін жан-жақты қолдаймыз»

0
89

Француздың  Le Figaro газетінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы шықты деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

Мақалада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ұлттық жоспарында біздің ішкі саясатта берік демократиялық басқару жүйесін құрғанымызды және «жасыл» энергетика, цифрлық технологиялар және логистика сияқты болашақ салаларды, соның ішінде француз компанияларымен тығыз қарым-қатынаста белсенді түрде дамытып жатқанымызды айтады.

«Қоршаған ортаны қорғау саласында біз жаһандық климаттық күн тәртібін берік ұстанамыз және планета мен болашақ ұрпақ алдындағы міндеттемелерімізді растай отырып, Париж климаттық келісімін жан-жақты қолдаймыз.

2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізудің біз мәлімдеген мақсаты – Қазақстанның орнықты даму мақсаттарын дәйекті іске асыруының тағы бір дәлелі.

Біз президент Эмманюэль Макронмен бірлесіп, осы жылдың желтоқсан айында су ресурстарына қатысты барлық сын-қатерлер бойынша ынтымақтастықты күшейту мақсатында және БҰҰ-ның орнықты дамуының ең маңызды мақсатына: «барлығына таза су және санитарияға» қол жеткізу жолында One Water Summit бастамасын өткізуге қуаныштымыз.

Қазақстанның тату көршілік қағидатына берік міндеттемесі «Орта дәліз» – Қазақстан мен Каспий теңізі арқылы Азия мен Еуропаны байланыстыратын стратегиялық бағыт сынды жобалар арқылы өңіраралық интеграцияны белсенді дамытуға мүмкіндік береді» деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында.

Фото интернеттен алынды.