Президент Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрін тағайындады

0
82

Ерсайын Нағаспаев енді өнеркәсіп және құрылыс министрлігін басқарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Осыған дейін бұл қызметті Қанат Шарлапаев атқарған болатын. Бүгін ол президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне кірісті.