Президент Тоқаев осал емесін көрсетті

0
500

Біраз уақыт бұрын Мәскеуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті, оған ЕАЭО-ға мүше елдердің көшбасшылары қатысты деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы.

ҚХР сарапшылары іс-шара барысында Қазақстан Президенті Тоқаевтың өз-өзін ұстауы назар аудартқанын жазып жатыр.

Dalanews.kz қытайлық басылымдардың осы туралы мақалаларына шолу жасаған.

«Президент Тоқаев Ресейге барғанда, алғашында оның сапарының басты мақсаты Путинді құттықтау болатындай көрінді», — деп жазылған Қытай басылымдарында.

Tencent мәліметінше, Мәскеуде қазақ Президенті ресейлік әріптесі Владимир Путинді қайта сайлануымен құттықтаған, сондай-ақ, осындай отырысты тамаша ұйымдастырғаны үшін жылы лебізін білдірген. Алғашында бұл сөзден Тоқаев Ресеймен қарым-қатынасты дамытуға назар аударады деген әсер пайда болған. Алайда Тоқаев осал емес екенін көрсетіпті.

«ҚХР сарапшыларының сөзінше, Тоқаев Қытайды Батыс Еуропа елдерімен байланыстыратын Транскаспий көлік дәлізінің үлкен болашағы туралы айта бастағанда таңғалдырған. Ол Қазақстанның қатысуымен құрылған Сиандағы көліктік-логистикалық терминал арқылы үлкен көлемде жүк жеткізілетініне назар аударған.

Тоқаев бұл туралы Путиннің көзінше айтқаны таңғаларлық жайт болды, өйткені бұл бағыт Ресей Федерациясы арқылы өтпейді және ресейлік логистикалық жобалардың бәсекелесі болып саналады», — деп жазылған басылым мәліметінде.

«Қазақстан мен Қытай құрған логистикалық бағыт негізінен Ресей арқылы өтетін «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізіне бәсекелес. Тоқаев бұл туралы Путиннің көзінше айтқаны үлкен қызығушылық тудырады», — деді Tencent шолушылары.

Сондай-ақ, Тоқаев алдағы бірнеше онжылдықта Еуразия өңіріндегі инфрақұрылым ескіретінін және оны уақтылы жаңартып, қолдау қажет екенін айтқан. Осылайша, ол Ресейге ерте ме, кеш пе «Солтүстік — Оңтүстік» дәлізі Еуразиялық экономика мен сауданың барлық қажеттілігін қанағаттандыра алмайтынын меңзеген.

Сонымен қатар, Тоқаев Қазақстан жаңа трансшекаралық көліктік-логистикалық бес торап салуға дайын екенін және олардың біреуі ғана Ресеймен байланысты болатынын мәлімдепті.

«Тоқаев өзінің бұрынғы ұстамды мінез-құлқын өзгертіп, өте белсенді болды» деп есептейді сарапшылар. Ресей мен оның президенті Путин Тоқаевтың бұл мәлімдемесіне қалай жауап беретіні әзірге белгісіз.

Тек Қазақстанның амбициясы өсіп келе жатқаны анық, тіпті кей тұста ол өзінің аса ықпалды көршісіне қарсы шығуға тырысуы мүмкін», — деп жазды басылым.

Фото интернеттен алынды.