Президент Тоқаев серб халқын құттықтады

0
72

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Қазақстан президенті жеделхатында Сербияны Балқан түбегіндегі дамуы тұрақты, инфрақұрылымы өркендеген әрі мәдени мұрасы бай ел ретінде атап өтті.

«Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев президент Александр Вучичке жылы лебізін жеткізіп, серб халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді», — деп жазылған хабарламада.