Президенттің 18 жасар ұлы министр болды

0
179

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы Ахмат республиканың дене шынықтыру және спорт министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Дене шынықтыру және спорт министрі қызметіне Ахмат Қадыров тағайындалды. Бұрын осы лауазымды атқарған
Иса Ибрагимов басшының және үкімет әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына ауыстырылды», — деп жазды Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасында.
18 жастағы Ахмад Қадыров 2022 жылдан бастап Шешенстан басшысының кеңесшісі, Ресей балалар мен жастар қозғалысының аймақтық төрағасы қызметін атқарды.
Ресей президенті Владимир Путиннің жақтаушысы, Шешенстан басшысы Қадыровтың тағы бір қызы бұған дейін де шенді қызметке келген еді.
Хадижат Шешенстан басшысы әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды. Ол әлеуметтік сала бойынша бірінші орынбасар лауазымына тағайындалды. Бұл ұсынысты Үкімет басшысы Галас Таймасханов жасаған.
Бұған дейін Қадыровтың қызы Грозный мэриясының мектепке дейінгі білім департаментінің басшысы қызметін, сонымен қатар, қоғамдық жұмыстар да атқарған еді.
Фото интернеттен алынды.