«Псориаз дертінен құтылдым» дейді танымал экономист (ВИДЕО)

0
1258

Танымал экономист-сарапшы Мақсат Халық денсаулығына қатысты маңызды видео-жазбамен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

Өзінің ТикТок парақшасында Мақсат Халық тері ауруларының бірі псориаздан қалай құтылғанын айтып видео-жазба жариялады.

«Псориаз — медициналық жолмен емделмейтін, бірақ табиғи жолмен емделетін ауру.

Ковидпен қатты ауырып өкпемнің 70% құрып, бір өлімнің алдынан қалып едім.

Көп ұзамай басымда бір кішкентай жара пайда болды, кейін ол асқынып басымнан кейін денеме тарады.

Қышитын, қасысам қанайтын, бүкіл арқам ауырып дөңбекшіп дұрыс ұйықтай алмайтынмын, көрпенің бәрі қан-жоса болатын.

Дәрігерлерге көрсетіп емдеуге әрекет жасадым, псориаз деген емделмейтін ауру, енді бұл өмірлік болады деді.

Жақпаған дәрім жоқ, ішпеген дәрім жоқ екі жыл бойы алыстым, ешқандай ем таба алмадым.

Ал тауға шыққалы бері айығуға бет алды. Ол неден болуы мүмкін деп зерттей бастадым. Таза ауа ма? Көркем табиғат па? 1000 баспалдақ немесе суық су ма?

Сөйтсем ең пайдалысы суық су екен, оның денсаулығыма пайдасын көрген соң тоқтамаймын деп шештім, міне одан бері күнде тауға шығып жүргеніме 6 ай болып қалыпты.

15 кг салмақ тастағаным бер жағы, ауруға ем тапқаныма қуанамын, алдында қандай болғанын көрсетіп салыстырып бөлісейін бе?» деп жазды экономист Мақсат Халық.

Фото интернеттен.

@maxathalyk

Псориаз медициналық жолмен емделмейтін, бірақ табиғи жолмен емделетін ауру Ковидпен қатты ауырып өкпемнің 70% құрып, бір өлімнің алданан қалып едім Көп ұзамай басымда бір кішкентай жара пайда болды, кейін ол асқынып басымнан кейін денеме тарады Қышитын, қасысам қанайтын, бүкіл арқам ауырып дөңбекшіп дұрыс ұйықтай алмайтынмын, көрпенің бәрі қан-жоса болатын Дәрігерлерге көрсетіп емдеуге әрекет жасадым псориаз деген емделмейтін ауру, енді бұл өмірлік болады деді Жақпаған дәрім жоқ, ішпеген дәрім жоқ екі жыл бойы алыстым, ешқандай ем таба алмадым Ал тауға шыққалы бері айығуға бет алды. Ол неден болуы мүмкін деп зерттей бастадым. Таза ауа ма? Көркем табиғат па? 1000 баспалдақ немесе суық су ма? Сөйтсем ең пайдалысы суық су екен, оның денсаулығыма пайдасын көрген соң тоқтамаймын деп шештім, міне одан бері күнде тауға шығып жүргеніме 6 ай болып қалыпты. 15 кг салмақ тастағаным бер жағы, ауруға ем тапқаныма қуанамын, алдында қандай болғанын көрсетіп салыстырып бөлісейін бе? @ozin_men_kures

♬ оригинальный звук — Quat Nurgozha