Ресейдің Орынборында су деңгейі түсе бастады

0
113

Орынбордағы су тасқынының беті қайтып бастады. Орынбордағы Орал өзенінің су деңгейі сенбі күні 11 метр 87 сантиметрге дейін жеткен еді деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы RG.ru сайтына сілтеме жасап.

Орал өзенінің мұндай деңгейге дейін көтерілуі тарихта алғаш рет дейді мамандар. Су аймақтарға жайылып, біртіндеп арнасына ене бастады. Қазіргі кезде 3978  үй су астында қалған, 8559 учаскені су шайған.

Орынбор қаласындағы су тасқынында халық қолына күрек алып, тоғандарда бөгет салды. Көпшіліктің жұмыла көтерген жүгінің арқасында сенбіден жексенбіге қараған түні судың қарқыны біртіндеп қайта бастаған. Қазіргі кезде Орал өзенінің су деңгейі 7 см-ге дейін түсті.

Орынбор мэрі Денис Паслер қалада бүлінген инфрақұрылымдарды қайта қалпына келтіру жұмыстары басталғанын айтты. Шығын көлемі әзірге 40 млрд рубльдің айналасында. Үкіметтен өтемақы алуға 200 мыңнан астам халық өтініш берсе, солардың 3498-і өтемақы алған.

Фото ашық дереккөзден алынды.