Ресейге оқуға барам деп соғыстан бір-ақ шыққан

0
89

Тұтқындағы КХДР сарбазы The Chosun Daily басылымына сұхбат берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тұтқындағы Ри есімді сарбаз мерген болып шықты. Оның КХДР әскерінің қатарында жүргеніне 10 жыл болған. Айтуынша ол отбасындағы жалғыз ұл.

«Мені Ресейге оқуға барасың деп жіберді, ақыры Курск түбіндегі майданнан бірақ шықтым» дейді ол.

KPASOF жасағының өкілі болғанын, жасақта 2500 сарбаз тіркелгенін айтқан.

«Бізде дрондарға қарсы әрекет етуде тәжірибе болмады. Бізге дрондарды басқарып отырған операторлардың барлығы Оңтүстік Кореяның сарбаздары деді. Дрондар арнайы құрылғымен түнде де шабуыл жасайтын. Менімен келгеннің көбі қаза тапты», — дейді Ри.

Ал оның өзі жағы мен қолынан жарақат алған.

Ри жағынан жарақат алғандықтан, қатты тағам жей алмайтынын айтты. Ол рамен жеуді армандап жүргенін жасырмапты. Соғыс аяқталған соң, КХДР-ге емес, Оңтүстік Кореяға барып, саяси баспана сұрамақ екен. Алайда отбасы үшін алаңдайтынын жасырмады.