Рим Папасының денсаулығы күрт нашарлады

0
31

Ватиканның баспасөз қызметі Рим Папасы, 88 жастағы Францисктің денсаулығы күрт нашарлағанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vatican News порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Деректерге сүйенсек, понтифик тұрақты демікпе тәрізді тыныс алу диагнозы бойынша ауырып жатыр. Сондықтан оған жоғары концентрацияланған оттегі берілген. Сонымен қатар, оған анемия жағдайында қан құйылған.

«Қазіргі уақытта болжам әлі де әлсіз. Қасиетті әкенің жағдайы ауыр болып қала береді»,-делінген хабарламада.

Рим Папасы әлі қауіп үстінде емес. Ол есін біледі. Бір күнді орындықта отырып өткізген. Алайда 21 ақпанға қараған күні қатты ауырсынған.

Кардинал Джанфранко Франциск Равази Бенедикт XVI сияқты денсаулығына байланысты өз міндеттерін орындай алмаса тақтан бас тартатынын жоққа шығармады.

«Егер Рим Папасы Франциск міндеттеріне қиналса өз таңдауын жасайды», — деді Равази.