Роза коуч үндеу жариялады
Танымал психолог, коуч-эксперт Роза Әшірбаева әзіл әлеміндегі әзілкештерді сынап, үндеу жасады деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сахнада немесе кинода әйелді ұру, балағаттап қалыпты дүниеге айналып кеткенін ашына жазды.
“Жылына 400 әйел күйеуінің қолынан қаза табады. Осы “шығармашылық пен әзілді” ойлап тапқан, ойнатқан адамдар күлкі арқылы отбасындағы зорлық-зомбылықты норма айналдырды. Олар ажырасу, әйел өлімі, әйел мүгедектігіне үлес қосып жатқанын түсінбейтін шығар.
Қазір авторлары есейіп, өздері де қыз тәрбиелеп отыр. Қарындастарын қорғаштайды. Бірақ енді бәрі кеш. Өздері тәрбиелеген қоғамға бауыр еті баласын қалай жібереді екен. Еркекпіз деп күйеу балаларын жақтай ма, әлде қызын ажырастырып ала ма?”, – деп жазды куоч.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, психологтың сөзін қолдап жатыр.
“Жездуха” сериалын экраннан көрсетпеуі керек. Үнемі әйелге қорлық көрсетеді”, “Осындай кино түсіріп алып, қарындасын ұзатқан да өлең оқып, орманның бір талын қалай сындырасың?
Сындырса қалап шыдап тұра аласың? Қарындасым алдыма келіп жыламасын! деп қарындасын қимай тұр еді ғой”, “Надан әрі арзан әзілдерді көргіміз келмейді”, “таяқ жеп өстік, өлген жоқпыз” деп отыратындар ғой мыналар”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.