Роза Рымбаеваның кімнен қатты қорқатыны белгілі болды
ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видео көпшілікті сүйсінтіп, әрі күлкіге бөледі деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода әнші Роза Рымбаеваның немересі әжесін қорқыту үшін қызық бір қылық жасайды. «Ой, қорқамын, қорқамын» деген әжесінің әрекеті немересіне де ұнаса керек, әлгі қылығын тағы қайталайды. «Роза Рымбаеваны қорқытатын жалғыз адам — осы» деп күледі Әли Оқап.
Видеоға қатысты көрермен ізгі тілектерін жаудырып жатыр. «Немере -тәтті ғой», «немеремізден қорқамыз, айтқанын істейміз», «Роза апай — керемет әже», «немереңіздің қылығына тоймай жүре беріңіз» десіп жатыр.
Фото интернеттен көрнекілік үшін алынды.