Сәкен Бибосынов: Махмұд жеңілсе де, жұрт мені кінәлайды

0
37

Бокстан әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов көпшілік Махмұд Сабырхан жеңіліп қалса, өзін кінәлайтынын айтты.

«Оларға деген көреалмаушылық сезімі мүлдем жоқ. Әке-шешем ондай тәрбие бермеген. Керісінше, олар жақсы нәтиже көрсетіп жатса қуанамын. Спорт болған соң ондай болады. Алаңда бәсекелесеміз, сыртта аға-бауыр болып араласамыз», – дейді Сәкен Бибосынов.

Боксшы бір кездері Махмұдтың ұтылысына ел-жұрт өзін кінәлағанын еске алды.

«Ілияс ағайға (Ілияс Оралбеков, Махмұдтың бапкері — ред.) немесе Махмұдқа: «51-ге мен барамын, лицензияны мен ұтып аламын. Сен 57 келіге ойна» деп оған ешкім айтқан жоқ. Өздерінің шешімі осындай. 51-ге салмақ қуа алмайтын болды. Сырт көз ішкі кухняны біле бермейді. Алайда, 54 келіде жүрген адамның үш келіні тастай салуы оңай дүние емес. Егер салмақ қуса, тек салмақпен күресіп қалады. Санжар 48 келі болғандықтан, оған оның салмағы жетпеді. 57 келіде Олимпиадаға Махмұд барып, жеңіліс тапты. Оның ұтылып қалғанына кім кінәлі? Әрине, Сәкен мен Мырзағали Айтжанов кінәлі», – деді ол.