Салтанат Нүкенова қалай өлтірілген?

0
268

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында бүгін сот медициналық сарапшы Тахир Халиназаров келіп жауап берді. Ол Салтанаттың өлімінің себебі жайлы айта келе өлімге жарақаттың бәрі әсер еткенін, жеке осы соққы оған себеп болды деп бөліп қарауға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Басын қорғап құлар еді”

Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жасаған сарапшы Тахир Халимназаров бүгін сот залында марқұмның бет-жүзінде болған зақымдарды манекенге салып көрсетті. Оның айтуынша, Салтанат Нүкенованың басына жасалған соққылар бірге өлімге әкеп соққанын айтады.

– Есі бар, ояу адам басынан мұндай жарақат алмайды. Кездейсоқ құлап кетсе де, ол міндетті түрде басын рефлекторлы түрде қорғап құлайтыны анық. Адам биіктен құлап кетсе, онда басын қорғай алмайды. Бірақ жерде тұрған адам басын жерге соғып, мұндай зақым ала алмайды, — деді Тахир Халимназаров.

Судья Айжан Көлбаева сарапшыдан “оны қылқындырған ба?” деп сұрады. Халиназаров “қылқындыру белгілері бар” деп жауап берді. Судья одан қарапайым тілмен түсіндіруді өтініп, “соққылардан кейін қылқындырған ба?” деп қайта сұрақ қойды. Эксперт “иә” деп жауап берді.

Фото ашық дереккөзден алынды.