Сатушыға «халал», алушыға «харам» сауда түрі

0
183

ТикТок әлеуметтік желісінде кезекті уағызшы Мұрат Қылышбай «рассрочкаға» қатысты «пәтуа» айтты деп жазады Democrat.kz.

Мұрат Қылышбайдың қаншалықты дін маманы екенін білмедік, алайда оның сөзіне қарағанда, «бөліп төлеу» саудасында затын сатқан емес, сатып алған кісі күнаға бататын көрінеді.

«Банктік «рассрочка» арқылы өз тауарыңызды сатуға рұқсат. Ал сіз сол «рассрочкамен» сатып алушы болсаңыз, онда сізге рұқсат етілмеген. Осындай пәтуа бар. Осыған қатысты ғалымдардың да, Әбу-Ханифаның да пікірі бар. Мысалы, олардың заманында базарда сізден тауар сатып алған кісінің ақшаны қайдан алғанын білмейсіз. Демек, сіз оның ақшасының халал болған-болмағанына жауап бермейсіз. Алайда енді замануи тұрғыда алып қарасақ, біз алатын затымыздың «рассрочка» екенін біліп тұрып, сатып аламыз ғой» — дейді.

Қорыта айтқанда, «рассрочкаға» тауар сатып алған кісі күнаға батады екен.

Фото көрнекілік үшін. 

@muratkylyshbay

Рассрочка сатушыға халал, сатып алушыға харам

♬ оригинальный звук — Murat Kylyshbay