«Сендер арсызсыңдар! Сендер ұятсызсыңдар!» деді блогер

0
426

Уағызшы Қабылбектің «қазақтың 70 пайыз сөзі арабтыкі, 30 пайызы — орыстыкі» деген сөзіне қатысты қоғам дүрлігіп жатыр деп жазады Democrat.kz.

«Қазақ сөздерінің 70 пайызы арабша» деу — қазақ ұлтының өз тілі жоқ деумен тең емес пе? Бүкіл әлеуметтік желі уағызшының осынау сауатсыз сөзін талқылап жатыр. Тіл мамандары да, қарапайым азаматтар да уағызшының бұл сөзі «қазақ ұлтын қорлау» дейді.

ТикТок әлемінде Аза әпенді атымен танымал ұлтшыл азамат та бүгін уағызшының сол бір сауатсыз сөзіне қатысты үндеу жолдады.

«Молдеке, сен білмесең, айтайын. Қазақ тілінде 2 миллион 500 мыңнан астам сөз бар. Солардың 300-і ғана араб сөзі. Білмесең, олай далбасалама!»- деген Аза осы жерде Қадір Мырзәлінің «Ана тілі» өлеңін оқып, талдап берді.

«Сендер арсызсыңдар! Сендерде ұят жоқ! Сендер құрметсізсіңдер! Сосын мына жерде отырып «дінсіз», «кәпір» деп жазатындар бар. Егер тілім құрдымға кететін болса, сендердің дінің де, шариғатың да маған бес тиын! Тілің кетсе, күнің де кетер. Алла мен менің жүрегімнің арасына «посредник» керек жоқ. Қабылбек кешірім сұра!»- деді блогер Аза.

Фото интернеттен алынды.