“Сенің қызыңды Салтанат сияқты өлтірсе, қайтер едің?”
Бишімбаев сотына Ресейден келген Наталья Грэйстің сұхбаты кеше екі сағатта 20 мыңға жуық адам көрген деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.
20 мыңдаған адам көрген Ютуб арнасындағы бұл сұхбатқа қатысты жазылған пікірлерді ерінбей қарап шығып, мониторинг жасап көрдік. Егер 100 пайыздық өлшеммен алсақ, сұхбатқа қатысты жазылған пікірдің 95-96 пайызы “Бишімбаев Салтанатты өлтірді. Мұны ештеңемен ақтап алу мүмкін емес.
Сұхбат та, оны жасаған Грэйстің де көк тиындық құны жоқ!” дегенге саяды. Сондай пікірдің арасында “Қуандық миллиардтарды жымқырды деп сотталғанда, шешесі еңіреп жылап еді. Ал бұл сотта безірейіп отырғанын қалай түсінесіз?
Демек, ақша адамнан да маңызды”, “Қуандықтың да қарындасы бар екен. Альмира, Уәлихан егер сол қызыңыз Салтанат сияқты өлім құшса, дәл қазіргідей сүмпиіп отырып, қылмыскерді ақтап алуға тырысар ма едіңіздер?” деген өзекті сұрақ қойылыпты.
Өкінішке қарай, бұл сұрақтарға Бишімбаевтар да, Грэйс те жауап бермейтіні анық. Десек те, қылмыскерді ақтауға жанталасқан сұхбатқа қарсы қазақ қоғамының қарсылық танытуы көңіл жұбатады.
Қазақ қоғамы бұрынғыдан да адам өмірінің құндылығын аса бағалай бастағаны қуантады. Сұхбатының 80 пайызында өзі сөйлеп, Қуандық Бишімбаевты ақтауға түрлі себеп-салдарды алға тартқан Грэйс өз мақсатына жетті ме? Мұның жауабын Қазақстан Республикасының соты ғана береді.
Фото ашық дереккөзден алынды.