«Шаштың арасындағы шайтанның фотосын көрсетті» дейді діндар апа (ВИДЕО)

0
629

ТикТок әлеуметтік желісінде түрлі діни уағыз-насихат айтып отыратын Bright Light атымен тіркелген апа шаш туралы сұмдық жағдайды айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Ақылшы апаның сөзіне сенсек, қыздардың жайылған шашының арасында шайтандар үймелеп отыратын көрінеді.

«Жын перінің жасырынатын жері — шаш. Маған Құлсарыдағы Құмар ата баяғыда «көресің бе?» деп шаштың арасында отырған шайтандарды көрсеткен. Жаман сиқыр, дуа дегендер шашқа жасалады. Жарықты өшіріп, шашыңызды тараңызшы, қып-қызыл шарт-шұрт етіп, ток жанады. Адамның бүкіл энергиясы — шашта», — дейді діндар апа.

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Фото видеодан скринделді.

@

♬ —