Шенеунік пен әйелдерінің байлықтары қай елдерде сақтаулы?
Қазақстандық шенеуніктер мен олардың әйелдерінде әлемнің 70 елінде мүлкі бар. Бұл туралы журналист Сырым Итқұлов жазды, — деп хабарлайды Dalanews.kz.
Декларацияны мемлекеттік қызметкерлер мен олардың әйелдері берген. Оның ішінде, мемлекеттік мекеме мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері де бар.
Декларация тапсырғандардың ішінде 1 170 жеке тұлғаның 83 елдегі шетелдік банктерде шоттары бар. Ең көбі Ресей Федерациясындағы, Америка Құрама Штаттарындағы, Түркиядағы банктерде тіркелген.
71 елде 2 976 жеке тұлғаның 3 959 жылжымайтын мүлігі бар. Ең көбі Ресейде, Түркияда және Болгарияда тіркелген.
67 елде 1 421 жеке тұлғаның 1 657 көлігі бар. Ең көбі — Ресейде, Арменияда және Жапонияда.
Сонымен қатар, 93 адамның 21 елде 161 зияткерлік меншік нысаны бар болып шықты.
Айта кетейік, бұл тек ресми декларациядағы деректер. Мемлекеттік қызметкерлердің мүліктері әйелінен бөлек, өзге туыстарына да жазылған болуы мүмкін.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.