«Шешеңе рақметтің» баласы шектен шығып барады

0
513

Тик токтағы,  «шешеңе рахмет» деп әңгімені жіберетін Мадияр атты блоггер, қоғамдық орындарда хиджаппен жүруді тиямыз деген сөзін желеу етіп, депутат, Ермұрат Бапи ағамыз жайлы ауыр — ауыр сөздер айтыпты.

Оның видеосы 12 сағатта 400 мыңнан астам қаралым жинап,  38 мың лайк басылған.  Комменттердің өзінде,  ауыздарынан ақ ит кіріп,  көк ит шығып жатқандар көп.

Шыны керек,  Ерекеңнің осы уақытқа дейін жасаған дүниесінің 5 пайызында жасап көрмеген,  тик токтағы лайкты халықтың ризалығымен,  махаббаты деп шатасып, бір сәттік танымалдылыққа мас боп жүрген жас бала — осы жолы тым артық кетті деп білемін.

Мәжіліс депутаты деген көшеде келе жатып немесе былай әлеуметтік желіде аузыңа кегенді бетіне айтып айтып тастайтын көшеде жүрген біреу емес.

Ол — халық қалаулысы.  Парламент өкілі!  Мына бала,  Ермұратты мұқатам деп, өзі байқамай, оған дауыс берген мыңдаған электоратқа,  оны сыйлайтын мына біздерге һәм күллі Парламентке түкіріп отыр деп білем! Сол себепті,  құзырлы органдар, мына істі бей жай қалдырмауларыңызды сұраймын!

Бурахан ДАҚАНОВ, «TAUEKEL» ұйымының төрағасы.

Facebook жазбасы.

Фото редакцияның коллажы. 

@telgozin

#Қазақстан🇰🇿#шешеңерахмет

♬ оригинальный звук — Мадияр