Шетелдік қыздар интимдік қызмет көрсеткені анықталды
Түркістан облысы Сайрам ауданында притон анықталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Тексеріс барысында өзбекстандық 7 қыз интим қызмет көрсеткені белгілі болды. Бүгінде заңсыз нысанның жұмысы әшкереленіп, соталды тергеу басталған.
«Ұйымдастырушылар ұсталды», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, былтыр Түркістан облысында 11 притонның жұмысы тоқтатылды. Тексеріс кезінде бұл орындарда 35 адам интим қызмет көрсетіп келгені әшкере болған. Оның 13-і — өзбекстандықтар.
Ал «жеңгетайлар» ретінде Қазақстанның 12 азаматы ұсталған.