Шетелге шегіртке сатамыз

0
143

Қазақстанда шегірткені өңдеу бизнесін бастайтындарды мемлекет қолдай ма?

Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов шегірткені өңдеу бизнесінің келешегі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутат не дейді?

– Вице-премьер Жұманғарин «шегіртке халал» деп айтты деп күлеміз ғой. Бірақ Оңтүстік Корея, Мексика секілді мемлекеттер шегірткен өңдеп, шетелге сатып, жүздеген миллион доллар табады екен. Сіз «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жылына 100 млрд теңге бөлінетінін айтып қалдыңыз. Қазақстанда шегіртке бизнесіне осы бағдарлама бойынша қаражат бөлінуі мүмкін бе? – деп сұрадық депутат Нұржан Әшімбетовтен бүгін Мәжіліс кулуарында.

Нұржан Әшімбетов еесие берген кезде алушының қандай мақсатта пайдалануы керектігі шектелгенін айтады.

– Шегірткені өңдеу – жазылған жоқ. Ал негізі біз, депутаттар көп азамат әртүрлі бизнеспен айналысуы керек деп талап қойып жатырмыз. Шектеулерді азайту керек деп мәселе қойып отырмыз. Бізде қазір қалай? Қаражат береміз. Сол қаражаттың 60 пайыздан астамы мал шаруашылығына бөлінеді. Шаруалар мал сатып алады. Ал мал саны қатты өспейді. Сондықтан, бұл да дұрыс емес. Соның бәрін сараптап, бүгін ақылдасуымыз керек, – дейді ол.

“Шегіртке өңдеу бизнесі қаншалықты табысты?” деген сұраққа депутат жауап бере алмады. Алайда келешегі бар басқа салаларды атады.

– Мәселен, артемия салина деген бар екен. Біз әлемде артемия малюскасы бар 10 мемлекеттің бірі екенбіз. Бұрын біз оны шикізат ретінде сатқанбыз. Оны консервант ретінде жасауға болады екен. Сондықан, оны өзіміздің шикізатымызды өңдеп, дамытып, жұмыс істеу керек, – дейді ол.

Қазақстан шегірткені өңдеп шет елге сатуы мүмкін

Бұған дейін Қазақстан шегірткелерді өңдеу жұмыстарын ұйымдастыруды, сондай-ақ оларды экспортқа жөнелтуді қолға алғалы жатқаны хабарланған еді. Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты Германиядан келген әріптестерімен бірлесе отырып, арнайы құрылғылар арқылы шегірткелерді жинау және сал ауруына шалдығу бойынша зерттеулер жүргізді. Ғалымдар бұл жұмыс Қазақстандағы ауқымды «шегіртке мәселесін» шешудің бастамасы болады деп есептейді.

Шегірткелерді азық ретінде тұтынудың қауіпсіздігі БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) зерттеуімен расталған. Сонымен қатар, бұл маңызды ақуыз, сонымен қатар майлар мен микроэлементтер бар.

АҚШ, Бельгия, Франция, Ұлыбритания, Вьетнам, Бразилия және Мексикадағы жеуге болатын жәндіктер нарығы 2015 жылы 33 миллион долларға және 2017 жылы Оңтүстік Кореяда 142 миллион долларға бағаланды. Таиланд шегірткелерді қоса алғанда, жыл сайын 1,14 миллион долларға жеуге жарамды жәндіктерді импорттайды. Таиланд тұтынушылары бір кг үшін 7-11 доллар тұратын шегірткелерді жоғары бағалайды, ал кәдімгі еттен айырмашылығы, оның құны 0,8-3 доллар. 2026 жылға қарай жабайы жиналған және өсірілетін болып бөлінбейтін жеуге жарамды жәндіктердің болжамды әлемдік нарығы 1,5 миллиард доллардан асады деп күтілуде.

Фото интернеттен алынды.