Шымкенттегі сұмдық оқиға туралы тың деректер шықты

0
246

Шымкент қаласында 53 жастағы ер адам өзінен 30 жас кіші әйелін ұрып-соғып, үш айлық сәбиін тұншықтырған. Салдарынан ана мен бала ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Оқиғаға қатысты тың деректер айтылды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі таңда басты күдікті тергеу изоляторында жатыр. Алайда зәбір көрген келіншек күйеуінің көп ұзамай бостандыққа шығатынына сенімді.

Келіншекке алғашқы көмек көрсеткен куәгерлердің бірі Назира Муналиева.

“Кешке аулада отырғанбыз. Көршім хабарласып полиция қызметкерінің номерын сұрады. Мен бердім. Біраздан кейін не болды деп қайта хабарластым. Көршімнің қызынан оқиғаны естідім. Үш айлық баланың тірі немесе өлі екені белгісіз, күйеуі удай мас сол жерде қалыпты деді. Оқиға орнына барғанда күйеуі удай мас еді. Екі полицейге де көнбей әрең кетті. Келіншек нәрсетесімен шықты. Баланың диагнозы бар екенін білмедік. Баланың басындағы жараларды көргенде тепкеннен деп ойладым. Келіншектің көзінен қан аққан кезде көзі ағып кеткен шығар деп ойладым”, – дейді Муналиева.

Зардап шеккен келіншек небәрі 23 жаста, ал күйеуі 53 жаста. Олар азаматтық некеде болған. Некеден үш айлық сәбилеті бар. Бауыржан Жолдасов екі рет шаңырақ көтерген. Оның бірінші некесінен екі ұлы бен бір қызы бар. Күдікті 20 жыл автобус жүргізушісі болып жұмыс істеген. Ал Ләйләнің бірінші некесінен бір баласы бар.

“Ішпеңіз деп айттым. Баланы аяғыма тербетіп отырғанмын. Телефонмен біреуге хабарлас деді. Хабарласпаған соң, телефонын сындырып тастады да артынша мені ұра бастады. Үйге біреуді шақырдың ба деп ұрыс шығарды. Жұмыста болғанда да хабарласып қадағалап отырады. Жассың, мені тастап кетісң дейтін. Мені есімнен танғанша көзімді көгертіп, қан қылып ұрып тастайды. Одан кейін қыға тиісе бастайды. Қыздың арқасынан сабайды”, – дейді Ләйлә Нұртай.

Ал Ләйләнің күйеуінің анасы осы уақытқа дейін отбасымен араласпаған. Сұмдық оқиға орын алғаннан кейін енесі хабарласып, Ләйләні сөйлесуге шақырған.

“Бауыржан абақтыда жатыр. Мен баламды ақтамаймын, бірақ ондай әдеті болмаған. Өзінің отбасы бар, балалары бар, оларға мейіріммен қарайды. Олар 35 жыл отасып отыр. Біз Ләйләмен жүргенін үш айдан кейін естідік. Қыздарым Ләйләнің анасының үйіне барып, Бауыржанның отбасы бар деп айтуға бардық. Шешесі қызымды қайтара алмаймын деді. Ал Бауыржан бала-шағасын тастап, Ләйләмен кетті. Ләйлә ішеді. Балам оны ұрмадым дейді. Ләйлә жабыса бергеннен кейін, салып қалған көрінеді”, – дейді Бауыржанның анасы.

Ал куәгерлер келіншектің денесінде тіпті перзентханаға барғанда да ұру іздері болғанын айтады.

“Орамал тартып алған еді. Кейін шай ішіп, күйеуімен сөйлесіп отырып жылады. Ертесі күні денесі толық көгерген еді. Әңгімесінен күйеуінің ұрғанын білдік. Қызы жансақтау бөілімінде жатқан соң Ләйлі үйіне барып келді. Сол кезде де ұрып соққан. Тіпті күйеуі баланы перзентханада тастап кет деп көндіріпті”, – дейді куәгерлер”, – дейді куәгер.

Ал Бауыржанның бірінші әйелі Ләйлә арамызға түсіп, бізді ажыратты дейді.

“34 жыл бойы өмір сүрдік. Баланы ешқашан ұрған емес. Мүмкін әйелді ұрған шығар, бірақ балаларды ұрмайтын. Жас күнімде бірнеше рет ұрған, сосын ұрмады. Қайтып келсе Бауыржан қабылдаймын. Бұл қыз мені қинады”, – дейді Бауыржанның бірінші әйелі.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.