ШЫҰ шешім қабылдайтын орталыққа айналып келе жатқанын көрсетіп отыр

0
193

Парламентаризм институтының атқарушы директоры Жанар Тулиндинова ШЫҰ саммитін Астанада өткізудің маңыздылығы туралы айтты деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сарапшы ШЫҰ саммитінің беделі артып келе жатқанын атап өтті. Осыған БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Астанаға сапары дәлел бола алады.

«Бұл өз кезегінде ШЫҰ шешім қабылдайтын орталыққа айналып келе жатқанын көрсетіп отыр. Оның ішінде геосаясат саласында да шешімдер қабылданады», — деді Ж. Тулиндинова Kazinform агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ресми күн тәртібінен бөлек, Қазақстанның ұйымдағы төрағалығы сауда-экономикалық байланыстарды, энергетикалық ынтымақтастықты, көлік және логистиканы нығайтуға ерекше назар аудара отырып өтіп жатыр. Сонымен қатар, Саммиттің бейресми бөлігі, келіссөздер, мемлекет басшыларының екіжақты кездесулері үлкен рөл ойнайды.

«Осының бәрі ШЫҰ саммитіне ерекше мәртебе береді. Біз қазір бұл кездесулердің әрқайсысының мазмұны туралы айта алмаймыз, бірақ барлық өзекті мәселелерді мемлекет басшылары талқылап жатқаны анық», — деді сарапшы.

Фото интернеттен алынды.