Сынып жетекшіліктің ақшасы көбейеді

0
1022

Мектеп басшысылары мен мұғалімдердің жалақысына қатысты Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Бәрі ашық» жобасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Democrat.kz.

«Мектеп басшыларының жалақысы өсу үстінде. Ол жерде көп проблема жоқ. Сынып жетекшілігінің алығына қатысты біз есеп-қисап жүргіздік. Бұл 1-2 мың теңгенің әңгімесі емес. Мемлекетке ауқымды қаржы жұмсауды қажет ететін шара. Біз әрине есеп жасап, Экономика министрлігімен, басқа да мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сынып жетекшілігі үшін (берілетін ақша — ред.) менің есептеуім бойынша келесі жылы күзге дейін шешіледі деген үміт бар», — деген министр сынып жетекшілік үшін берілетін ақша көлемі туралы нақтыламады.

Фото интернеттен көрнекілік үшін алынды.