Талдықорғанда көлікке орнатылған газ жарылды

0
13

Бүгін Талдықорған қаласындағы Еркін ауылында көлікке орнатылған газ қондырғысы жарылды.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрларда жартылай қираған жеке тұрғын үй мен оның аумағында орналасқан қираған шаруашылық құрылыстары көрсетілген.

Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 4 наурызда гаражда тұрған көлік жарылған.

«Хабарлама 07:06-да түсіп, оқиға орнына жедел түрде ТЖД (20 адам, 6 техника) жөнелтілді. Салдарынан қосалқы құрылыстар (50 шаршы метр) жартылай қирап қалды. Өрт болған жоқ. Бір адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, жағдайы ауыр, тұрақты», — деп хабарлады ТЖД.

40 жастағы ер адам жарақат алып, Талдықорған қалалық ауруханасына жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.