Тастанды бала үшін кімдер жауапқа тартылады?
Жаңа туған нәрестені тастап кеткені туралы хабарламағаны үшін медициналық ұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері әкімшілік жазаға тартылады деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Парламент мәжілісінің телеграм арнасына сілтеме жасап.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске де өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар балаларды қабылдау фактілері туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органдарына және прокуратураға хабарлауға міндетті.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламаған медициналық ұйымдар мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына жауапкершілік қарастырылады. Бұл ретте баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай істерді қарау құзыреті айқындалады.
Фото ашық дереккөзден алынды.