Тазы иттер қазақтың бренді бола ма?

0
45

Астанада иттердің халықаралық көрмесі аясында қазақ тазысының бренд мәселесі бойынша шешім қабылдайтын халықаралық комиссия мүшелері келді. Олардың мақсаты – тазының қазақ жерінде пайда болып, өрбігеніне көз жеткізу. 

Қазақстан кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқали Kazinform агенттігіне берген сұхбатында тазыны бренд ретінде мойындату процесін түсіндірді деп жазады ınformburo.kz.

«Алдымен өңіраралық іріктеу болды, ол жерде тазы стандартына сәйкес болуы талап. Солардың ішінен халықаралық комиссияға ұсынып, көрсету үшін әртүрлі жастағы және түстегі 100-ден астам тазыны таңдап алдық.

Бүгінгі көрме өте маңызды, себебі осы шараның негізінде халықаралық кинология федерациясы тазының тағдырын шешетін шешім қабылдайды, яғни тазыны қазақы ит деп тану.

Сондай-ақ, көрмеде халықаралық комиссия тазыны өз көзімен көріп, тексереді, өйткені құжаттама бір бөлек, ал көзбен куә болу басқа», – деді Бауыржан Серікқали басылымға берген сұхбатында.

Оның сөзінше, комиссия биылғы жылдың соңына дейін шешім қабылдайды деген үміт бар. 2023 жылғы тамызда халықаралық федерация тазыны ресми мойындағанымен, оның қазақы бренд екенін әлемдік деңгейде мойындату үшін халықаралық комиссияның шешімі қажет.

Бауыржан Серікқалидың айтуынша, тазы бойынша шешім шыққаннан кейін Қазақстан кинологтар одағы төбетті әлемдік бренд ретінде мойындату жұмыстарымен айналысады.

Олар 2024 жылдың соңына дейін шешім қабылдауы қажет.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.