Тікелей эфирде өз зәрін ішті

0
500

ТикТок әлеуметтік желісінде кезекті стрим барысында қырғызстандық блогер Ақбала масқара әрекетке барды деп жазады Democrat.kz.

Жүз мыңдаған көрерменін таңғалдырудың төте жолы деді ме, әлде діни сенімін жұртқа дәлелдегісі келді ме, блогер Ақбала тікелей эфирде өз зәрін ішті.

Жұрт таңғалды ма, жиіркенді ме, белгісіз, алайда Ақбала басына пәле тілеп алды. Полиция оны үйінен ұстап әкетіп, тергеуге алды.

Өзінің осы әрекеті үшін халықтан кешірім сұраған блогер эфирде ішкені зәрге ұқсас шырын суы екенін айтады. Ақбаланың не ішіп, не қойғанын арнайы сараптама анықтайтын болады.

Айта кетейік, Ақбала да сақалын жіберген, діни сенімін эфирде еркін уағыздап отыратын. Алайда полиция бекетінде қауға сақалдан түк қалмапты.