TikTok өкілдігі қазақ депутатының ұсынысына қатысты жауап берді

0
16

Қазақстандағы TikTok өкілдігі елде әлеуметтік желіні жабу туралы ұсынысқа пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

TikTok өкілдері жергілікті халықтың қауіпсіздігін сақтау әлеуметтік желінің ең басты мақсаты екенін атап өтті.

«Ең алдымен TikTok платформасында жеккөрушілік негізінде әрекет етуге және жеккөрушілік идеологияларын насихаттауға, сондай-ақ зорлық зомбылық пен жеккөрушілікті насихаттайтын адамдардың немесе ұйымдардың болуына жол бермейді. Біз мұндай контентті өшіріп тастаймыз», дейді компания өкілдері.

Сонымен қатар,компания өкілдері TikTok 13 жасқа жетпеген балаларға кіруге тыйым салынғанын жеткізді.

«Кішкентай балалар әлеуметтік желіні қолданбауы үшін бізде толық туған күнін көрсету талап етіледі. Парақша 13 жасқа толмаған балаға тиесілі екенін автоматты түрде анықтайтын модерация технологиясы бар. Егер парақша кішкентай балаға тиесілі екенін анықтасам, ол автоматты түрде бұғатталады», делінген хабарламада.

2024 жылдың қаңтары мен ақпаны аралығында TikTok осындай 1,2 парақшаны өшіріп тастаған. Компания өкілдері баланың қауіпсіздігін сақтауда ата-ананың ролі де орасан зор екенін айтады.

«Отбасылық орнатудың» арқасында ата-ана өзінің парақшасын баласының парақшасымен байланыстырып, оның не көріп отырғанын бақылай алады. Ата-аналарға осы мүмкіндікті пайдаланып, баласының онлайн өмірдегі қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз», делінген компания мәлімдемесінде.

Еске салайық, 3 қазанда депутат Геннадий Шиповских балаларды қорғау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірнеше ұсыныс жасаған болатын:

  1. TikTok платформасында экстремизм, радикализм, сепаратизм және моральдық құндылықтарға қайшы контенттерді анықтау және шектеу бойынша нақты алгоритм енгізу.
  2. TikTok-тың YouTube Kids секілді балаларға арналған арнайы платформасын жасау ұсынылды. Бұл 13 жасқа дейінгі балаларды қауіпті контенттен қорғау үшін маңызды.
  3. 13 жасқа толмаған балалардың ата-анасының телефонынан TikTok-қа кіргенде Face ID технологиясы арқылы шектеу механизмі енгізілуі керек.

Сенатор бұл шаралар жастар арасындағы қауіпті әдеттердің алдын алуға, сондай-ақ ел азаматтарының денсаулығы мен моральдық құндылықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадамдар екенін айтты.